Адал қызмет – мемлекеттік басқарудың басты тірегі

«Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде жас мемлекеттік қызметшілерге арналған «Адал азамат – әділетті қоғам тірегі» форумы өтті. Форум жұмысына мемлекеттік органдар мен құқық қорғау саласының өкілдері, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева, сондай-ақ өңірдің жас мемлекеттік қызметшілері қатысты» деп хабарлайды  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

«Іс-шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев жас буынға үн қатып, жауапкершілік пен адал қызмет – мемлекеттік басқарудың басты тірегі екенін атап өтті. Олар жастарды әділдік, парасаттылық және қоғамдық сенім қағидаттарын берік ұстануға шақырды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кездесуде Мемлекеттік қызмет саласындағы «Astana Hub» басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев өз пікірлерін білдіріп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстардың жүргізілуіне тоқталды.

Спикерлердің айтуынша, адалдықты өмірлік қағидаға айналдырған азаматтардың көп болуы – мемлекеттің тұрақты дамуының басты негізі. Олар жас буын арасында адалдық мәдениетін жүйелі түрде қалыптастырудың маңызын атап өтіп, әділет құндылығын нығайтуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты.

«Жас мемлекеттік қызметшілер форумы – жастық жалын мен жаңа идеялар тоғысқан үлкен алаң! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Елге аянбай еңбек ететін, өзін үнемі жетілдіріп отыратын жаңашыл жастар қажет» деген сөзі бар. Сондықтан бүгінгі форум сіздерге серпін береді деп сенемін. Биыл Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 7 жыл болды. Осы аз уақытта облысымызда ауқымды жұмыстар атқарылды. Оған жас мемлекеттік қызметшілер үлкен үлес қосып келеді. Бүгінде облыс аумағында 3 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер еңбек етсе, оның ішінде жастардың саны жыл сайын артып отыр. Екі аудан, қалада жастар әкім болып, жемісті еңбек етуде. Өңірлік кадр резервшілері арасынан 17 жас маман мемлекеттік қызметке қабылданды. Биыл мемлекеттік қызметтегі 858 бос орынға 1 437 үміткер қатысты. Оның ішінде 307 жас маман жұмысқа қабылданып, меритократия деңгейі 21,4 пайызды құрады. Қазір Түркістан тек рухани орталық қана емес, жастардың, инновацияның, технологияның қаласына айналып келеді» деді облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ауыл тұрғындарымен ашық диалог өтті

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы мен аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен халықпен ашық диалог форматындағы көшпелі қоғамдық қабылдаулар басталды. Шараға…
Толығырақ

Халық үні тыңдалды

«AMANAT» партиясы қоғаммен ашық қарым-қатынас орнатуды, халықтың талап-тілегіне жедел әрі тиімді жауап беруді стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Партияның…