20 жыл жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды

Түркістан облысында 20 жылдан бері жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов тәртіпті жүргізушілерді ынталандыру мақсатында алғыс хаттар табыстады.

Цифрлық жүйе арқылы іріктелген тізімге ұзақ уақыт бойы бірде-бір құқық бұзушылық жасамаған автокөлік иелері енді.

Марапатталғандардың ішінде 20 жыл бойы жол ережесін бұзбаған түркістандық 47 жастағы жүргізуші Әнуарбек Әлімбетов бар. Ол жолдағы жауапкершіліктің маңызын айтып, барлық жүргізушіні тәртіп сақтауға шақырды.

Полицияның айтуынша, мұндай бастамалар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Аталған шара облысқа қарасты 17 ауданда жалғасын тапты.

П.Араз.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ТӨТЕННЕН ҚАУІП ТӨНБЕСІН ДЕСЕҢІЗ…

Жасыратыны жоқ, кейбір жүргізушілер полиция қызметкерін байқаған кезде, апыл-ғұпыл қауіпсіздік белдігін тағып жатады. Әйтеуір, айыппұл алмасақ болды деген…

Заңмен белгіленген жауаптылық

Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21-бабына сәйкес соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары барлық…

Адал азамат – әділетті қоғам кепілі

ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясындағы «Адал…