Түркістан облыстық соты талапкер М.-нің апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандырды.
Арыздың мазмұны, кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін анықтауға қатысты болды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылқ сотпен М-нің (кәмелетке толмағандардың әкесі) талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған.
Алайда апелляциялық сотта анықталғандай, талапкердің 2013 жылы туылған үлкен ұлыәкесімен бірге тұрып келеді және сотта өз қалауымен әкесімен қалғысы келетінін мәлімдеді.
Сот, әкенің баланың тәрбиесі мен дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етіп отырғанын ескерді.
Жас ерекшелігі, баланың пікірі мен әкесіне деген жақындығы назарға алып, үлкен ұлының тұрғылықты жерін әкесімен бірге деп белгіледі.
Ал, 2018 жылы туылған кіші ұлы — анасымен қалдырлды.
Сот алқасы, бірінші сатылы сот шешімінің бұл бөлігін өзгеріссіз қалдыру себебін, баланың жасына байланысты, анасына деген ерекше байланысы мен психологтіңқорытындысын ескеріп қабылдады.
Сот, баланың тұрғылықты жерін бір ата-анамен белгілеу, екінші ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау құқығын шектемеуді түсіндірді.
Шешім 15 қараша 2025 жылы заңды күшіне енді.
Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі