Шетелдік студенттерге арналған құқықтық кеңес жиыны өтті

Түркістандағы оқу орнында бауырлас түркі елдерінен келген студенттерге құқықтық кеңес беру мақсатында арнайы ақпараттық жиын өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері қатысып, шетелдік жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды мәліметтерді ұсынды.

Жиын барысында шетелдік студенттердің құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасындағы көші-қон заңнамасының талаптары, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары, жеке құжаттарды рәсімдеу тәртібі, қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері кеңінен баяндалды.

Студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды. Іс-шара халықаралық студенттердің әлеуметтік бейімделуін қолдау, құқықтық мәдениетін арттыру және қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Жиынның модераторы — Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов. Іс-шараға спикер ретінде Түркістан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ақан Сапарбеков, Көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Гүлзейнеп Қаражігітова, университеттің Қаржы және халықаралық байланыстар жөніндегі вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу және Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректоры Еділ Төлегенов қатысты» деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

А. Бабыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

«Жас сақшылармен» жолықты

Сауран ауданының бас полицейі Алмат Абидинов жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында кездесу өткізді…
Толығырақ

Полицейлер «Қауіпті жүргізуші» іс-шарасы барысында мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Түркістан облысы көлемінде «Қауіпті жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік…