КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша елімізде жыл сайын Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізіледі. Осы орайда Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен биылғы жиынға облыс әкімдігі, прокуратура, экономикалық тергеп-тексеру органдарының басшылық құрамы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар және қаржылық ұйым басшылары және бизнес өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – билік пен бизнестің арасында сындарлы диалогты нығайту. Бизнес өкілдерімен бірге өңірдегі бизнес климатты және инвестициялық ахуалды талқылау.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков өңірде кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға басымдық беріліп отырғанын, кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен бірге бизнестің дамуына теріс ықпал ететін кедергілерді жою бағытында да жұмыстар жалғасатынын, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалатынын атап өтті.
– Шағын және орта бизнес – ел экономикасының негізгі драйвері. Түркістан – кәсіпкерлікке бейімделген, бизнес өкілдері көп шоғырланған өңір. Бүгінгі таңда 216 мыңға жуық шағын және орта бизнес қызмет етеді. Әкімдік бизнес климатты жақсарту бойынша да бірқатар жүйелі қолдауларды іске асыруда. Облысымызда соңғы бір жылдың ішінде 11 индустриалды аймақ құрылып, қазіргі таңда индустриалды аймақтардың саны 20-ға жетті. Сондай-ақ өнеркәсіптік алаңы 1214 гектардан тұратын «Тұран» арнайы экономикалық аймағы бар. Экономикалық аймақта жұмыс істеймін деген кәсіпкерлер табыс, кеден, жер және мүлік салықтарынан босатылады. Бұл аймақтардан бөлек, Өндірістік парк жобасы жүзеге асуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 30,7 млрд. теңгеге 10 жоба іске қосылған. Өндірістік парктің 2 және 3 кезеңдері (29 ғимарат) бойынша құрылысы аяқталып, 70 млрд. теңгеге инвестициялық жобаларды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Сауран ауданында 71 гектар жерде жеке кәсіпкерлердің есебінен кәсіпті жүргізуге арналған 148 өндірістік ғимарат құрылуда. Қазіргі таңда осы тәжірибе аясында барлық аудан және қала аумағында шағын өндірістік парктерді құру жұмыстары жүргізілуде, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Түркістан облысы прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау басқармасының басшысы Болат Жұмағалиев «Кәсіпкерлікті қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты» екендігін атап өтіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов бизнесті қолдау және инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, инвестициялық мүмкіндіктер туралы баяндаса, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай да баяндама жасады. Сонымен қатар Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері бизнесті қолдау және қорғау жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Басқосуда бизнес өкілдері өзекті мәселелерді ортаға салып, қордаланған мәселелерді шешу бойынша облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарымен бірлескен хаттама түзілді.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға…