Түркістанда полицейлер қаруды заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті

Түркістан облысының полицейлері қарудың заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Негізгі мақсат-азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қару-жарақ қылмыстарының алдын алу.

«Осы орайда «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тіркелмеген қару заңсыз сақтау фактісін анықтады» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үйінен тіркелмеген атыс қаруы табылған Түркістан қаласының тұрғынын ұстады. Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктіден екі травматикалық және бір пневматикалық мылтық, тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 30 шамамен патрон мен кастет тәркілеген.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

П. Расул.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Учаскелік полиция есеп берді

 Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаевтың бастамасымен ауыл тұрғындарымен кездесу жиындары жалғасуда. Кезекті кездесу Тасарық ауыл округінде…

Сахналық қойылым көрсетілді

«Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде, жасөспірімдермен орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында…