АДВОКАТ БОЛУ АРДЫҢ ІСІ

Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты — осы. Сол себепті бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те жоғары.
Адам тағдырын шешу оңай емес!
Ғұмырының 45 жылын заң саласына арнаған адвокат Теңгежан Сағындықова: «Адам құқығын қорғауда адвокаттар көбіне жалғыз қалып қояды», дейді. Адвокат – сот ісінде жалғыз қорғаушы тұлға екенін ескерсек, бұл сөздің жаны бар.
Теңгежан Жабағыбайқызы 1977 жылы Темірлан ауылындағы Аманкелді атындағы орта мектепті бітіріп, заң саласындағы еңбегі 1980 жылы Бөген аудандық сотында сот хатшысынан басталды. 1984-1990 жыл аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы ҚАЗГУ-дің заң факультетін тәмамдайды.
Еңбек жолында 1988 — 1995 ж.ж. Арыс қаласында сот орындаушы, аға сот орындаушы, аудандық сотта маман болып жұмыс атқарып, 1995 жылдан бастап Арыс қалалық заң кеңсесінің адвокаты. Түркістан облысының адвокаттар алқасының мүшесі.
Қырық жылда біраз нәрсені түйдім деген Теңгежан апай: «Қарапайым ха­лық «мықты адвокаттың» көрсеткішін қабылданған шешім не үкімнің нәти­же­сімен өлшейді. Яғни адвокаттың сот­та жеңіп шыққан ісі неғұрлым көп болса, оның беделі соғұрлым жоғары тұрады. Бұл дұрыс та шығар. Бірақ мық­тылардың барлық істерде жеңіске жете бермейтінін естен шығармаған жөн»-дейді.
Еңбектің өтеуі болар, жуырда Теңгежан Жабағыбайқызы ҚР Әділет министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен наградталды. Қазір ұлынан екі немере сүйген ана жаны қалаған мамандықтың әлі де басы қасында жүр.
 Жүздеген іс. Жүздеген тағдыр.
Бізде мерекелік марапатпен құттықтап, еңбек адамына деген құрмет пен ізетімізді білдірдік.
Р.S: Адвокаттың еңбегі – инемен құдық қазғандай. Кейде тергеу, прокуратура, сот жі­берген қателікті тауып, әділдікті сан жамау жаладан, заңсыздықтан аршып алу үшін терең білім мен ыждағаттылық керек.
Жұлдыз Өтегенова
Журналист
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts