Алаяқсыз қоғам – саналы таңдау

Түркістан облысы прокуратурасының тапсырмасымен Сайрам ауданында «Алаяқсыз қоғам – саналы таңдау» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен еріктілер қатысып, аудан тұрғындарына алаяқтықтың алдын алу және оның адам өміріне тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Акция барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қолданатын айла-тәсілдері, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерін қорғау жолдары жөнінде ақпарат берілді. Қатысушыларға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, белгісіз сілтемелерді ашпау, қаржылық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Іс-шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтық қылмыстардың алдын алу және қоғамда алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыру. Осындай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Түркістан облысының прокуратурасы 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Алаяққа алданып қалмаңыз!

Түркістан Облысының Полиция Департаменті Алаяққа алданып қалмаңыз! 5 негізгі ереже Қазіргі заманда алаяқтық белең алып тұр. Кез келген…