Алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

“Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз” — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға шақырады.
Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырады. Олар «Сіз салық декларациясын уақытында тапсырмағансыз» деп сендіреді. Осылайша, банк шоттарыңыз бұғатталуы мүмкін екенін айтып қорқытады. Мәселені үш күн ішінде «шешу қажет» деген сылтаумен қысым көрсетеді.
«Жеке басыңызды растау керек» деп азаматтардан SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осы кодты алған соң, алаяқтар банктік шоттарға қол жеткізіп, қаражатты заңсыз иемденеді.
 Полиция ескертеді:
 Мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды және ешқашан SMS-кодтар мен растау деректерін сұрамайды;
 Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, банк картасының нөмірі мен паролін, жеке мәліметтерді бермеңіз;
 Егер күдік тудыратын қоңырау алсаңыз, әңгімені дереу тоқтатып, «102» нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот қызметкерлері форумға қатысты

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында форум өтті. Сот қызметкерлерінің мұндай форумдарға…
Толығырақ

«Халық заңгері» республикалық акциясы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің студенттері Әділет министрлігі, Бас прокуратура және ZAKON.KZ желілік басылымы…