«Ана – қоғам айнасы» атты семинар-тренинг өтті

Бәйдібек ауданында әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Ана – қоғам айнасы» атты семинар-тренинг өтті» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Шара барысында көп балалы аналардың өзекті мәселелері талқыланып, отбасындағы құндылықтарды сақтау мен әйелдердің әлеуметтік рөлін арттыру жайы сөз болды. Жиынға көп балалы аналар, түрлі салада қызмет атқарып жүрген нәзік жандылар қатысты. Іс-шараны Әйелдер қанатының төрайымы Мамыркүл Мәріпханқызы Смағұлова жүргізді.

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Алдымен, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Айгүл Сабитқызы Утебаева қатысып, заңгерлік кеңес беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының психологы Айнұр Қалдыбекқызы мен акушер-гинеколог дәрігері Нұргүл Шырынханқызы әйел денсаулығын сақтау, отбасындағы мәселелердің алдын алу және өмірдің құндылығы жайында кең көлемді ақпарат ұсынды.

Жиын соңында «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» атты сергіту сәтін Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан құрылған Отбасын қолдау орталығының сектор меңгерушісі Перизат Бақытжанқызы Мүтәлі мен психолог маман Марина Берікқызы Айтбай жүргізіп, қатысушыларға психологиялық сергіту жаттығуларын өткізді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түлкібас ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді

«Түлкібас ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық қудалау бөлімі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және ювеналдық полиция тобының қызметкерлері Түлкібас…
Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаменті және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау…
Толығырақ

«Білімді жастар – ел ертеңі»

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Білімді жастар – ел ертеңі» атты құқықтық тәрбиелік көшбасшылар форумы өткізілді. Форумға Түркістан…