Түлкібас ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді

«Түлкібас ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық қудалау бөлімі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және ювеналдық полиция тобының қызметкерлері Түлкібас ауылы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде оқушылар мен олардың ата-аналарының қатысуында ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – Ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Әйелдер мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның құқықтық салдары және оны болдырмау жолдары туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, ана мен баланы қорғауға, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған ақпараттық және тәрбиелік кеңестер берілді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Алаяққа алданып қалмаңыз!

Түркістан Облысының Полиция Департаменті Алаяққа алданып қалмаңыз! 5 негізгі ереже Қазіргі заманда алаяқтық белең алып тұр. Кез келген…
Толығырақ

Прокурорлар меморандумға қол қойды

Сайрам аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және олардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында бүгін…