Кибералаяқтықтың құрбаны болмау үшін – сақтық қажет

«Кибералаяқтықтың алдын алу, қорғау және жауапкершілік» тақырыбындағы сәйкес, Арыс аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары бірлесіп, В.И.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері мен әдістері (фишинг, жалған сілтемелер, әлеуметтік желілер арқылы алдау және т.б.) туралы толық ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, белгісіз тұлғалармен қаржылық операциялар жасамау, интернеттегі сақтық шараларын ұстану жөнінде кеңестер ұсынды.

Сонымен қатар, интернет алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полиция семинар-тренинг ұйымдастырды

«Кентау қалалық полиция бөлімінің инспекторы М.Құттыбаеваның ұйымдастыруымен «Гуманитарлық және техникалық колледжінде» студенттерге арналған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында…
Толығырақ

Алаяқтар 1414 нөмірімен хабарласса..

Көпшілігіміз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тиесілі SMS-ке  сенеміз. Осы аңқаулығымызды алаяқтар  пайдаланып кетпей ме? qarzhylyq_sauat-тың сұрақтарына жауап…