Апат жиі орын алатын учаскелер полицияның назарында

Түркістанда жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған маңызды жұмыс жүргізілді. Қалада соңғы айларда тіркелген жол-көлік оқиғаларының себептері мен жиі кездесетін аумақтары арнайы тексерістен өтті.

Тексеруді әкімшілік полиция бөлімі, прокуратура мен әкімдіктің жол бөлімі мамандарымен бірге жүзеге асырды. Бірлескен жұмыс тобы 2025 жылдың алғашқы 10 айында апат көп тіркелген учаскелерге барып, жағдайды жан-жақты зерделеді.

Мамандар жолдың техникалық жағдайын, жарықтандыруды, жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін және жол белгілерінің орнатылуын қарап шықты. Сонымен қатар көлік қозғалысының қарқындылығы мен жаяу жүргіншілер ағыны да ескерілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, кейбір қауіпті учаскелерде инфрақұрылымды жетілдіру қажет. Зерделеу нәтижелері бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті мекемелерге жолданатын болады.

Сала мамандары мұндай тексерістердің алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, жол қауіпсіздігін күшейту –ортақ мәселе екенін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызмет.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Бәйдібек ауданы көлемінде есепте тұрған тұлғалар тексерілді

«Бәйдібек ауданы аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында аудан учаскелік полиция инспекторлары мен прокуроры өздеріне бекітілген…
Толығырақ

Сот саласына қойылар талап та жоғары

Ата Заңымыздың 76-бабында «сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады» деп көрсетілсе, 77-бапта: «Судья сот төрелігін іске асыру…