«Заң мен Тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша кезекті кездесу Арыста кездесу өтті.
Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен «Заң мен тәртіп» идеологиясын түсіндіру мақсатында, ауданда №17 кәсіптік колледжінің студентермен кездесу өткізілді.
Іс шараға аудан прокурорының орынбасары, полиция бөлімінің бастығының орынбасары, Дін өкілдері және ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
«Заң және Тәртіп» қағидасына басты назар аудару мемлекеттің қауіпсіздік саясатын, оның ішінде құқық қорғау органдарын, құқықтық тәртіпті және оның тетіктерін дамытуды;
Құқықтық мемлекетте заң қарапайым азамат үшін де, мемлекеттік қызметкерлер үшін де міндетті екенін;
Әрбір азамат салық төлеуден бастап жол қозғалысы ережелеріне дейінгі заңнаманы сақтауы қажеттігі түсіндірілді.
Іс шара соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі