Ата Заң – іргелі елдің тұғыры

Ата Заң – кез келген елдің іргелі қағидалары мен ережелерінің тұғыры. Одан сол елдің азаматтарының құқықтары мен міндеттері және биліктің құзыреті мен өкілеттіліктері бастау алады. Қайнарын әуелі әдет-ғұрып нормаларынан алған, кейіннен шариғат жолына ұласқан, бертін келе билер институтын қалыптастырған қазақтың дала заңдары да өз кезеңінде елдің бүтіндігі мен ой еркіндігін сақтауға негіз болған еді. Қалай болғанда да дәуір алмасқан сайын ондағы негізгі құқықтық қағидалардың да уақыт көшіне сай өзгеріп отыруы табиғи заңдылық іспетті. Міне, биыл сондай уақыт жүгін арқалаған әрі халықтың өз таңдауымен қабылданған Ата Заңымызға 30 жыл толып отыр.

Қазақстан бүгінде әлемге демократиялық мемлекет ретінде танымал. Ал, демократияның негізі құқықтық нормалардан бастау алатыны белгілі. Ал, сол құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу үшін алдымен сапалы заңнама, заң шеңберінен шықпау және құқықтық сана деген негізгі үш тұғыр қажет екен. Қазір еліміз осы үш бағыт бойынша көптеген іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Кеңес уақытында мүлде армандап та көрмеген көптеген игі істер осы Ата Заңымыздың арқасында жүзеге асып жатыр.

Бір ғұлама: «Ұлт күшті болуы үшін адамдар бірдей ойлап, бірдей түйсініп, бірдей сезінуі қажет және ортақ құндылығы болуы тиіс» деген екен. Ал, біздің жоғары деңгейде дамып, өркендеуімізге қажетті алғышарттар Ата Заңымызда толық көрініс тапқан деуге болады. Ата Заң бізге әділдікті, теңдікті, бостандықты, тіліміз бен сенімімізге ешкімнің кедергі келтірмеуін, мәдениетіміз бен рухани тұрғыда өсіп-өркендеуімізге жағдай туғызуды, т.с.с. көптеген игіліктерді берді. Егер біз құқықтық сауаттылығымызды арттырсақ, заңға сәйкес өмір сүруді күнделікті дағдымызға айналдырсақ, заңды сақтасақ, құрметтесек қоғамдағы келеңсіздіктер де өзінен-өзі жоғалып кетер еді. Сондықтан Ата Заңда көрсетілген нормаларға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара құрмет көрсетсек, қоғамның бірлігі артады. Ал, бірлігі артқан елдің берекесі мол болады.

Болат ЖАНӘБІЛ,

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы

 басшысының міндетін атқарушы.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АДВОКАТ БОЛУ АРДЫҢ ІСІ

Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты — осы. Сол себепті бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те…
Толығырақ

Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.…