Бәйдібек ауданында ІІО ардагерлері мен жас сақшылардың кездесуі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары ардагерлері күніне орай Бәйдібек ауданында ардагерлер мен жас сақшылардың кездесуі өтті. Іс-шара М.Әуезов атындағы IT мектебінің базасында ұйымдастырылды.

Кездесуге 20 ардагер мен жас сақшылар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Ардагерлер өздерінің қызметтік жолы мен өмірлік тәжірибелері туралы айтып, жас буынға кәсіби кеңестері мен өмірлік бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, қызмет барысында кездескен қызықты сәттер мен қиындықтар жөнінде естеліктерімен бөлісті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас сақшылар арасында отансүйгіштік рухты нығайту, ішкі істер органдарының беделін арттыру және ардагерлердің еңбегіне құрмет көрсету болып табылады.

Мұндай кездесулер жас қызметкерлердің бойында кәсібіне деген жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастырып, ардагерлер еңбегін дәріптеуге бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

156 әкімшілік шара көрілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Кентау қаласында жол қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілгенін хабарлайды. «Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау,…