Бақылау күшейтілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі “Қауіпсіз жол” іс-шарасы аясында жол қозғалысы бақылауы күшейтілгенін хабарлайды.

«Түркістан қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы мәдениетін арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасуда» дейді баспасөз қызметінің хабарламасынды.

Патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінде бақылауды күшейтіп, автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер тарапынан жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуде.

Тіркелген құқықбұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылып, тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу маңыздылығы түсіндірілді.

Түркістан облысының полицейлері жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

В.Ырыс.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан қаласында жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесу өтті

Түркістан қаласындағы №33 жалпы орта мектепте полиция қызметкерлерінің қатысуымен оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында…
Толығырақ

БРИФИНГ: ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облыстық Полиция департаментінде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық науқанның басталуына арналған брифинг өтті. Іс-шарада Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының «Отбасылық-тұрмыстық…
Толығырақ

Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды

Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ведомство басшылығы, қызметтер мен аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен кеңейтілген…
Толығырақ

Полиция «Қарасора-2025» іс-шарасының қорытындысымен 900 келіге жуық есірткі тәркіледі

«Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев брифинг барысында «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады»…