«Білімді жастар – ел ертеңі»

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Білімді жастар – ел ертеңі» атты құқықтық тәрбиелік көшбасшылар форумы өткізілді.

Форумға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Ермұрат Шалатайұлы қатысып, қазіргі қоғамда жиілеген құқықбұзушылықтар және олардың алдын алу мәселелері туралы баяндама жасап, жастардың құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызды рөлін, заң мен тәртіпті сақтау – жарқын болашақтың басты кепілі екенін жеткізді.

Кездесу барысында жастармен ашық пікірталас ұйымдастырылып, сұрақтар қойылып, ой-пікір алмасылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық сауаттылықты нығайту, жеке жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету идеяларын насихаттау, сондай-ақ елдің дамуына үлес қосатын жас көшбасшыларды қолдау болып табылады.

Асан.Р.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

156 әкімшілік шара көрілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Кентау қаласында жол қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілгенін хабарлайды. «Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау,…

Заңмен белгіленген жауаптылық

Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21-бабына сәйкес соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары барлық…