Денсаулық сақтау саласындағы заңнамалар түсіндірілді

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігі Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Облыстық психикалық денсаулық орталығы” қызметкерлеріне “Адам мен азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы” түсіндірме іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және денсаулық сақтау саласындағы заңнамалар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Оған Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілі – Кожабекова Наталья Сунгатовна, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары – Мамбетова Мадина Ережеповна, “Облыстық психикалық денсаулық орталығының” басшысы – Чалкаров Алимкан Бакирович, басшы орынбасарлары және орталық қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар денсаулық сақтау құқығын қорғау, медициналық көмек көрсету барысында құқықтық талаптарды сақтау, сондай-ақ адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

А.Маса.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот дөңгелек үстел өткізді

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында «Талапкерлердің талап арызын бітімгершілікпен аяқтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға…
Толығырақ

Прокурор активтерді қайтарды

Қазығұрт ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері іске қосылды. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске…