Ел қауіпсіздігіне арналған өмір

ҚР Ішкі істер органдарының ардагері Темірбай Қабылұлы – саналы ғұмырын ел тыныштығын күзетуге арнаған абзал жан. Ол 1995 жылы инспектор қызметінен бастап, түрлі жауапты лауазымдарда абыроймен еңбек етті. 1997 жылы қылмысты іздестіру бөлімінің аға инспекторы, 1999 жылы учаскелік инспектор, 2001 жылы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшенің бастығы болып қызмет атқарды.

Кейін 2005 жылы криминалдық полиция бөлімінің аға инспекторы, 2008 жылдан патрульдік полиция ротасының командирі, 2010 жылдан миграция бөлімінің инспекторы, 2014 жылы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, 2016 жылы аға учаскелік инспектор қызметтерін атқарып, 2017 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Қызметтік жолында халық сенімін ақтауды басты парыз санаған Темірбай Қабылұлы бүгінгі жас полицейлерге үлгі. Ол үшін Отанға адал қызмет ету – ең жоғары марапат. Мемлекет мерейін асырып, қоғамның бейбіт өмірі үшін аянбай еңбек еткен Темірбай Қабылұлының өмір жолы – жас ұрпаққа өнеге.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…
Толығырақ

Полицейлер «Қауіпті жүргізуші» іс-шарасы барысында мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Түркістан облысы көлемінде «Қауіпті жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік…
Толығырақ

М.Қабденов: Түркістан облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 52000-нан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Профилактика жылы» аясында және “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес Түркістан…