Есірткінің зияны сөз болды

«Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында форум өткізілді.

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Данышпан Андасбеков, имам Нұржан Абдраманов, полиция басқармасының бастығы Мұхтар Ермеков пен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы интернет алаяқтық, буллинг, лудомания, есірткі заттарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Шара барысында спикерлер тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар оқып, алдын алу мақсатында үнпарақтар таратылды.

Кездесу соңында оқушылармен ашық сұхбат форматында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өзекті мәселелер қозғалды.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Құныққан аңшылар құрықталды

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді құрықтады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Созақ аудандық…
Толығырақ

Жасөспірімдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтті

Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның себептерін анықтау мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бірқатар…
Толығырақ

Оңай табысқа алданып қалмаңыз

Цифрлық технологияның қарқынды дамуы бізге көптеген мүмкіндікпен қатар, түрлі қауіптерді де көлденең тартуда. Сондай қауіптердің бірі – дропперлер.…