«Интернет алаяқтықтан сақ болайық!» атты кездесу өтті

«Мақтаарал ауданының Атакент кентінде орналасқан 14 колледжде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері студенттермен «Интернет алаяқтықтан сақ болайық!» тақырыбында кездесу өткізді» деп хабарлайды

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары жастарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, олардың алдын алу тәсілдері мен жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы жөнінде кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу қажеттігі ерекше атап өтілді. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі алаяқтық әрекеттердің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Мақтаарал ауданындағы Агроколледжде студенттермен ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.…
Толығырақ

Сотқа қалай жүгінуге болады?

Қоғамда даулы мәселелердің көбеюіне байланысты сот органдарына жүгінетін азаматтардың да саны артып келеді. Бұған дәлел ретінде сотта қаралатын…