Ішкі істер органдары ардагерлерінің күні аталып өтті

2024 жылдан бастап елімізде 10 қараша – Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Бұл күн – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында абыроймен қызмет атқарған ардагерлерге деген қоғамның ерекше құрметі мен алғысының белгісі.

«Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті» деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Шараға Түркістан қаласы ішкі істер органдарының ардагерлері, қаламыздағы №9 Н.Некрасов атындағы мектеп-гимназиясы «Жас сақшы» сыныбының оқушылары және Департаменттің жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Шараның басты мақсаты – ел игілігі жолында ерлік көрсеткен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің ерліктерін дәріптеу, ардагерлер институтының беделін арттыру және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.

Мерекеге орай, Полиция департаменті бастығының алғыс хатымен 6 ардагер, Түркістан қаласы әкімінің марапатымен 2 ардагер , сондай-ақ қалалық мәслихаттың Алғыс хаттарымен 2 ардагер марапатталды.

Ардагерлеріміздің өмірлік жолы мен қызметтік ерлігі — жас буын үшін үлгі, отансүйгіштік пен адалдықтың жарқын өнегесі!

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…