Ішкі істер органының Құрметті ардагерінен мерекелік құттықтау

Screenshot

Отставкадағы полиция полковнигі Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есалы Нұржанов барша қазақстандықтарды «Республика күнімен» құттықтайды. Тарихты тереңінен толғаған ақсақал, сол бір тәуелсіздік алған жылдарды еске алып, бостандықтың оңай келмегенін жас ұрпаққа жеткізді.

Егемен ел атанып, Қазақстан деген ел құрылғандағы мақтаныш сезім мен жүректегі париоттық рухты ерекше атап өтті. Ақсақалымыз ел іргесін қалаған сәттен оның дамуына зор құлшыныспен кірісіп, өз үлесін қосып, ішкі істер саласында абыройлы қызмет еткен жан.

1975 жылы сол кездегі комсомол жолдамасымен, ішкі істер органына қабылданып, ең алдымен ОҚО ІІБ-да төлқұжат бөлімінде инспектор болады. Одан әрі жедел уәкіл, бөлімше бастығы, басшы орынбасары, полиция бастығы сынды түрлі кезеңдерден өтеді.

Түркістан қалалық ІІБ бастығының орынбасары қызметінде жүріп, 2001 жылы зейнеткерлікке шыққан. Одан кейін де қоғамға қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеу ісіне үлес қосып, «Қазақстан-Ресей» институтының кафедра меңгеруші болып жұмыс істеген.

«Түркістан қаласының Құрметті азаматы» атанған Есалы Мәмбетәліұлы, «КСРО Ішкі істер министрлігінің үздігі» төсбелгісі, түрлі мерекелік медальдар, «ҚР ІІО Құрметті ардагері» сынды көптеген марапаттардың иеленген. Мұның барлығы елге еткен еңбектің жемісі деген ардагер, барша халықты айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts