Кентауда жасөспірімдер арасында «Заң мен Тәртіп» идеологиясы насихатталды

Кентау қаласында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жасөспірімдер арасында насихаттау және құқықбұзушылық профилактикасы тақырыбында кең көлемді жиын өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, теріс әрекеттердің алдын алу мен заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесуді «Шапалақ» театрының әзірлеген «Ғаламтордағы алаяқтық» атты тәрбиелік мәні зор көрінісімен басталды. Бұл қойылым жастарға әлеуметтік желі мен интернет кеңістігін пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін көркем түрде жеткізді.

Келелі жиын барысында прокурор Назарбай Ибраймолдаев жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығына тоқталып, заң бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндірме берді. Ал полиция бөлімінің бастығы Еркеғали Мейірбеков қазіргі таңда қоғамда жиі кездесетін интернет алаяқтық, киберқылмыс және оның алдын алу жолдары жөнінде кеңінен баяндама жасады.

Сонымен қатар жиын барысында жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бару себептері мен оның зардаптары туралы бейнероликтер көрсетілді. Кездесуге қала жастары, мектеп оқушылары, колледж студенттері, ұстаздар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан қаласында жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесу өтті

Түркістан қаласындағы №33 жалпы орта мектепте полиция қызметкерлерінің қатысуымен оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында…

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…