НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер мен студенттердің спортқа қызығушылығын арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

Флешмоб Шұбар ауылындағы №18 колледж базасында өтті. Колледж студенттері спорттық ойындар мен түрлі белсенді жаттығуларға қатысып, өздерінің белсенділіктері мен ұйымшылдығын көрсетті.

Мұндай шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда нашақорлыққа қарсы иммунитетті нығайтуға ықпал етеді.

Ордабасы аудандық полиция бөлімі алдағы уақытта да жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша елімізде жыл сайын Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай…
Толығырақ

Алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

“Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз” — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға…
Толығырақ

Ата Заң – іргелі елдің тұғыры

Ата Заң – кез келген елдің іргелі қағидалары мен ережелерінің тұғыры. Одан сол елдің азаматтарының құқықтары мен міндеттері…