Оқушылар полиция ғимаратына экскурсия жасады

Түркістан қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының есебінде тұратын балаларға ата-аналарының рұқсатымен қалалық полиция ғимаратындағы уақытша ұстау изоляторы және әкімшілік қамау орындарына экскурсия ұйымдастырды.

Заң мен тәртіп қағидаты аясында ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, ойланбай жасалған іс-әрекеттің салдарын түсіндіру, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Шара барысында кәмелетке толмаған балалар тергеу изоляторын аралап, заң шеңберінде кеңес алды. Полицейлер әр қадамды ойланып жасау қажеттігін түсіндіріп, жасөспірімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Айта кетерлік жайт жыл басынан бері әр түрлі деңгейдегі құқық бұзушылығы үшін ішкі істер органдарының есебіне 130-ға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім алынды. Оларды тәрбиелеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанда «Қауіпті жүргізуші» акциясы аясында жол қауіпсіздігі шаралары жүргізілуде

Түркістан қаласында «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері…
Толығырақ

«Заң және Тәртіп» концепциясы түсіндірілді

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Артыққызы Ғалия, Түркістан қаласында орналасқан «БОЛАШАҚ көпсалалы» колледж студенттерімен…