Оқушылармен құқықтық түсіндіру жұмыстары өттІ

Келес ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында Түркістан облыстық полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Бексұлтан Ташимов жасөспірімдерге соңғы уақытта облыс аумағында орын алған қайғылы оқиға – 9-сынып оқушысының өлімі туралы айтып, құқық бұзушылықтың жазасыз қалмайтынын, өзгенің құқығына қол сұғуға болмайтынын және заңды білмеу жазадан босатпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Болатбек Құрманқұлов құқықтық нормаларды сақтау мен заң бұзушылықтың салдары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ал мектеп инспекторы, полиция майоры Эльмира Есенқұлова оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жөнінде кеңінен баяндады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Құныққан аңшылар құрықталды

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді құрықтады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Созақ аудандық…
Толығырақ

Оңай табысқа алданып қалмаңыз

Цифрлық технологияның қарқынды дамуы бізге көптеген мүмкіндікпен қатар, түрлі қауіптерді де көлденең тартуда. Сондай қауіптердің бірі – дропперлер.…