Отбасы қауіпсіздігін нығайтуға арналған ашық есік күні өтті

Сауран аудандық полиция бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторлары Ақмаржан Кұлмағамбетова мен Тойсұлу Нартай «Отбасы қолдау орталығымен» бірлесе отырып, саурандық басқармалар үйінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ашық есік күнін ұйымдастырды.

Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның алдын алу тетіктері түсіндіріліп, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы механизмдер таныстырылды. Сонымен қатар азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, ақпараттық-бұқаралық материалдар таратылды.

Отбасындағы мәселелерді шешуде психологиялық және әлеуметтік қолдау алу мүмкіндіктері туралы да кеңінен ақпарат ұсынылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

300-ге жуық студентке «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Кентау көпсалалы колледжінде» студенттердің қатысуымен «Нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу…