Отставкадағы полиция майоры Сәрсенкүл Тағабаева: «Қазақтың қыздары күрескер»

Өмірінің отыз жылға жуық уақытын ішкі істер органдарында өткізген отставкадағы полиция майоры Сәрсенкүл Тағабаева — ерлермен иық тірестіре қызмет етіп, елге адал еңбек еткен қайсар қазақ әйелдерінің бірі. Өмір жолының отыз жылға жуық уақытын қиын да жауапты сала — ішкі істер органдарына арнаған отставкадағы полиция майоры Сәрсенкүл Тағабаева бүгінде елге адал қызмет еткен жылдарын мақтанышпен еске алады.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күндерінен бастап құқық қорғау саласында еңбек еткен ол, кәсібіне адалдық пен табандылықты басты ұстаным еткенін айтады. Заты нәзік жандылар санатында болса да, Сәрсенкүл апай ерлермен иық тіресіп, талай ауыр да күрделі қылмыстық істердің ашылуына атсалысқан. — Қазақтың қыздары ешнәрседен қорықпайды, күресе біледі.

Сондықтан полицияға қызметке келген барша артымнан ерген сіңлілеріме айтарым — шаршамаңдар, шындықтың артынан жүріңдер, тоқтаусыз әрекет етіңдер, — дейді ардагер жас әріптестеріне арнаған жүрекжарды тілегінде. Мақтаарал ауданының тумасы Сәрсенкүл Тағабаева 1973–1978 жылдары жоғары оқу орнын тәмамдап, заңгер мамандығын алған.

Оқуын бітірген соң ішкі істер органдарында тергеуші және паспорт бөлімінің бастығы қызметтерін атқарып, өзінің кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отырған. 1986 жылы оған майор шені беріліп, запастағы офицер қатарына қосылды. Қызметін тоқтатпаған Сәрсенкүл апай 1986 жылдан бастап Кентау қалалық заң консультациясында адвокат әрі меңгеруші ретінде еңбек етіп келеді.

Адвокаттық қызмет барысында ол қорғауындағы азаматтардың құқықтарын табанды қорғап, бірнеше рет ақтау үкімдерінің шығарылуына қол жеткізген. Бүгінде тәжірибесі мол заңгер әрі өмір жолы өнегеге толы тұлға ретінде Сәрсенкүл Тағабаева жас буынға үлгі болып отыр. Оның өмірлік ұстанымы — адалдық, қайсарлық және әділдік жолынан айнымай, туған елге қызмет ету.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35…

Заң мен тәртіп ортақ ұғым

Төлеби ауданында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.…
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…

Алқабилер әділдіктің жаршысы

Соңғы жылдары Түркістан облысында сот істерінде алқа билердің ролі орнығып, ықпалы артып келеді. Кейбір істер алқа билдердің араласуымен…