Полицейлер буллингтен қорғану, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары №9 А.Байтұрсынов атындағы білім беру мекемесінде оқушылармен кездесу өткізді.

Онда оқушыларға буллингтен қорғану, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ нашақорлық пен лудоманияның зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Кездесу соңында оқушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, профилактикалық ақпарат берілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Зиянды әдеттен аулақ бол!

Полицияның бастамасымен нашақорлықтың алдын алу форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Шардара полициясының ұйымдастыруымен…
Толығырақ

Прокурор форум өткізді

Түркістан қаласында облыс әкімдігі, прокуратура және полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында форум өтті. Іс-шараға…