Полицейлер мектеп мұғалімдерімен кездесті

Сарыағаш ауданының полицейлері М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімдеріне интернет алаяқтық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты – қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мектеп ұжымымен тығыз өзара іс-қимыл орнату.

Кездесуге мектептің 50-ге жуық мұғалімдері қатысты. Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері интернет алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері мұғалімдерге интернет кеңістігінде қауіпсіздік шараларын сақтау, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу, балалар мен жасөспірімдерге киберқауіпсіздік мәдениетін үйрету жөнінде кеңес берді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылық пен буллинг жағдайларын дер кезінде анықтау және тиісті органдарға хабарлау маңыздылығы айтылды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Балалар қауіпсіздігі — басты назарда

Сайрам ауданында балабақша қызметкерлеріне «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Онда бала амандығы мен қауіпсіздігі – тек…
Толығырақ

ТӨТЕННЕН ҚАУІП ТӨНБЕСІН ДЕСЕҢІЗ…

Жасыратыны жоқ, кейбір жүргізушілер полиция қызметкерін байқаған кезде, апыл-ғұпыл қауіпсіздік белдігін тағып жатады. Әйтеуір, айыппұл алмасақ болды деген…