Полицейлер оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Түркістан қаласында Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 8-9-10 сынып оқушылары арасында жиналыс болды. Онда Түркістан облысы Полиция департамаенті Есірткі құқықбұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің мүшесі Еділ Төлегенов, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Марат Бимаханов пен Түркістан ҚПБ-ның аға учаскелік полиция майоры Керім Қапашов баяндама жасап, жас ұрпақтың болашағына келешекте балта шаппау үшін, тура жолмен жүру керектігін айтып өтті.

Қазіргі таңда есірткі мен нашақорлықтың жаңа түрлері мен жаңаша сипаттары пайда болуда. Заман ағымына қарай, химиялық қоспалардан және прекурсолардан жасалатын «синтетикалық есірткелер» түрлері еселеп көбеюде.

Осы тұста тәртіп сақшылары құқықтық сауаттылыққа жол ашып, есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында «Жолдасың жақсы болса –жетерсің талай мұратқа» — дегендей жасөспірімдерді жақсы, үлгілі оқушы болауға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Азаматтық іс жүргізу қатынастары

Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық…

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб ұйымдастырды.…

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың, нашақорлықтың, жолда жүру ережелерін бұзудың, сондай-ақ буллинг…

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Ордабасы ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері «Жас сақшылар» сыныбымен кездесті. Кәмелетке…