Полицейлер оқушылармен жол қауіпсіздігін талқылады

Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орай, Түркістан облысында «Жол қауіпсіздігі апталығы» өтуде.

Осы шара аясында Созақ аудандық полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Сұлтанмахмут Сембаев Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

«Еске алу және қауіпсіздік жолы» атты іс-шараға 200-ден астам оқушы қатысып, жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері туралы маңызды ақпарат алды.

Оқушыларға «Есте сақта және ойлан» бейнеролигі көрсетіліп, жылдамдықты арттырудың салдары мен жол-көлік оқиғасының алдын алу жолдары түсіндірілді.

Кездесу барысында жасөспірімдер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, полицейлерден нақты жауаптар алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Суррогат ана жайлы Заңда…

Өмірде әркімнің тағдыры әртүрлі. Түрлі тағдыр иелері сан қилы жағдайды бастан кешіріп жатады. Әсіресе отбасылық өмірдің іргетасы берік,…