Полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін әлеуметтік эксперимент өткізді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында күнделікті өмірде жиі байқалып, бірақ көп жағдайда үнсіз қалатын мәселе – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қоғам қалай қарайды? Адамдар көрген жағдайда көмектесе ме? Әлде бейтарап қалуды жөн санай ма? Осы сұрақтарға жауап іздеу үшін полицейлер ерекше әлеуметтік эксперимент ұйымдастырды.

Экспериментке Сарыағаш полициясының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары, «Отбасын қолдау орталығы» мамандары, Жастар ресурстық орталығының еріктілері және Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері атсалысты.

Қоғамдық орында тұрмыстық жанжалға ұқсас жағдай әдейі жасалып, айналадағы азаматтардың реакциясы жасырын түрде бақыланды. Бірі бірден араша түсті, бірі сақтықпен бақылап, көмек шақырды, енді бірі бейтарап қалып, айналып өтті. Бұл көріністер қоғамдағы бейжайлық деңгейін анықтауға ғана емес, әр адамның ішкі азаматтық ұстанымын да көрсетіп берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, зорлық-зомбылықпен күрес полицияның ғана емес, әрбір саналы азаматтың ортақ міндеті. Қиын сәтте көрсетілген бір ауыз қолдау, дер кезінде шақырылған көмек немесе жай ғана селқос қалмау біреудің тағдырын өзгертуі мүмкін.

Әлеуметтік эксперименттің нәтижесі қоғамда жанашырлық бар екенін, бірақ үнсіз өтіп кететін жағдайлардың да аз емес екенін көрсетті. Сондықтан да бұл іс-шараның басты мақсаты адамдарды немқұрайлықтан арылтып, бір-біріне қолдау көрсетуге шақыру.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Кентауда мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

«Кентау қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Мәдениетті…