Полиция әйелдерге қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында семинар өткізді

Еліміздің барлық өңірлерінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» акциясы басталып, мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар мен жұртшылықтың қатысуымен семинар өтті.

Іс-шараға полиция бөлімінің басшысы М.Абилханұлы мен әкім орынбасары А.Кәлмен төрағалық етті. Ауданның полиция басшысы өз сөзінде: «Ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады.

Бұл жұмыс еліміздегі құқық бұзушылықтар деңгейіне, отбасылық институттың дамуына және қоғамның әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан әйелдердің құқықтарын қорғау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері полицияның ерекше бақылауында»,- деп өз сөзін қорытындылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts