Полиция ақпарат берді

«Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы Нұрым Әметов Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне дәріс өткізді.

Онда Әкімшілік істер бойынша бірыңғай тізілімідегі мәліметтер қоры негізінде планшеттік компьютерлер арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғауға арналған мобильді қосымшаға енгізілген өзгерістер бойынша ақпарат берілді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Сабақ барысында әкімшілік айыппұл төлеу қажеттілігі туралы қаулылар мен нұсқамаларды мәжбүрлеп орындауға автоматты түрде жолдау функционалының іске қосылғаны түсіндірілді.

Сонымен қатар «Қорғау» жүйесіне енгізілген жаңа өзгерістер бойынша жан жақты түсіндірме жүргізіліп, қызметкерлермен тәжірибе алмасты.

«Қазіргі таңда жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді анықтау, оларды есепке алу, ұстау шараларын қабылдау және профилактикалық жұмыстар жүргізу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Жыл басынан бері «Қорғау» жүйесі арқылы Сайрам ауданында 238 көлік анықталған» дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.

П.Расул

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Полицейлер буллингтен қорғану, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция…
Толығырақ

Полицейлер мектеп оқушыларымен кездесіп, құқықтық мәдениет туралы әңгімелесті

«Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрдәулет Қуанышұлы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізіп, олардың құқықтық сауаттылығын…
Толығырақ

250 сала қызметкеріне интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Мақтаарал полициясы мен прокуратурасының ұйымдастыруымен “Интернет алаяқтықтан сақ болайық!” атты кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол…