Полиция семинар-тренинг ұйымдастырды

«Кентау қалалық полиция бөлімінің инспекторы М.Құттыбаеваның ұйымдастыруымен «Гуманитарлық және техникалық колледжінде» студенттерге арналған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Акция аясындағы іс-шаралар қала жастарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы иммунитет қалыптастыруға және қауіпсіз қоғам құруға бағытталған.

Шараға қаланың бірқатар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының мамандары қатысты. Олар өз тарапынан зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның психологиялық, медициналық және әлеуметтік аспектілері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттерге пайдалы ақпараттар ұсынды.

Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, арнайы дайындалған брошюралар таратылды.

Р. Райыс.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…

Учаскелік полиция есеп берді

 Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаевтың бастамасымен ауыл тұрғындарымен кездесу жиындары жалғасуда. Кезекті кездесу Тасарық ауыл округінде…