Полиция шетелдік студенттерге көші-қон заңнамасын таныстырды

Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Аида Смағұл, Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің шетелдік студенттерімен арнайы кездесіп, маңызды ақпарат берді. Яғни «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын кеңінен таныстырды.

Жиын барысында полиция подполковнигі Аида Смағұл: «Әрбір шетелдік азамат тіркелген мекенжайы бойынша, яғни визада немесе ресми көрсетілген мекенжайда міндетті түрде тұруы тиіс. Егер ол мекенжайда тұрмайтын болса, көші-қон талаптарын бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылады. Ал мекенжайы өзгерген жағдайда үш күн ішінде деканатқа хабар беруге міндетті», – деп атап өтті.

Шара барысында Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік студенттердің құқықтары, көші-қон заңын сақтау тәртібі, уақытша тіркеу талаптары, ҚР аумағындағы тәртіп пен визаға қатысты мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Жиын соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Оқу орнының Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу: «Студенттерімізді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі. Бүгін арнайы келіп, көші-қон жөнінде маңызды ақпарат ұсынғаны үшін полиция өкілдеріне алғыс білдіреміз!», – деді.

Айта кетсек, бұл университет – түркі дүниесінің жастарын бір шаңырақ астына біріктірген білім ордасы. Бұл жерде әлемнің 17 елінен келген 30-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бірге білім алуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

300-ге жуық студентке «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Кентау көпсалалы колледжінде» студенттердің қатысуымен «Нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу…
Толығырақ

ТӨТЕННЕН ҚАУІП ТӨНБЕСІН ДЕСЕҢІЗ…

Жасыратыны жоқ, кейбір жүргізушілер полиция қызметкерін байқаған кезде, апыл-ғұпыл қауіпсіздік белдігін тағып жатады. Әйтеуір, айыппұл алмасақ болды деген…