Облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерге қыс мезгілі басталуына сәйкес жолдағы қауіпсіздік үшін көліктеріне «қысқы дөңгелек» орнатуды ескертуде.
Аталған техникалық регламентті сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушілеріне заңнамаға сәйкес айыппұл салынады.
Айта кетсек, көктайғақта жазғы дөңгелекпен жүрудің салдары ауыр апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан құрметті жүргізушілер, көлік құралдарыңыздың жағдайын тексеріп, мезгілге сай етіп дайындауға кеңес береміз. Жолдарда абай болыңыз және жол ережелерін сақтаңыз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі