Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Осы тұста Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бәйдібек ауданының тәртіп сақшылары мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілгенін хабарлайды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша ескертулер жасап, көшелер мен қоғамдық орындарда ақпараттық брашюралар таратылған.
Тәртіп сақшылары барлық аудан тұрғындарын жолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, жаяу жүргіншілерге жол беруге және мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады.
В.Еркен.