Арыс ауданы пробация есебінде тұрған сотталғандармен облыс прокуратурасының басқарма бастығы Н.Асқанбековтың төрағалығымен кездесу еткізілді.
Кездесу барысында есептегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек алу, оның ішінде заң көмегін, білікті медициналық көмекті, психологиялық көмекті алу, мемлекет тарапынан жәрдемақылар алу мен жұмысқа орналасу құқығы мен тәртібі түсіндірілді.
Жұмыс беруші «KAZKH REAL STROI» ЖШС-мен өзара меморандум жасалып, нәтижесінде 1 сотталған азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта есептегі тұлғалар үшін квоталар айқындалатын болады.
Бұдан басқа, есепте тұрған тұлғаларға, пробациялық бақылауда бола тұра, жазаны өтеу тәртібін өрескел бұзып, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жазасы неғұрлым қатаң жазаға ауыстырылу мүмкін екендігі назарларына жеткізілді.
Р. Асан.