ҚАЛАЙ ОНЛАЙН-КЕҢЕС АЛУҒА БОЛАДЫ?

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі №176-VI Заңының 24 – бабын орындау мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін» (бұдан әрі – «Е-Заң көмегі») әзірледі.

«Е–Заң көмегі» жобасының мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегіне мұқтаж ету, адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.

«Е-Заң көмегінің» артықшылықтары:

— азаматтарға «Е–Заң көмегі» арқылы жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді енгізу арқылы консультация көрсету сатысында пәрменді құқықтық көмек көрсету мүмкіндігі;

— адвокаттар мен заң консультанттарын сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің заманауи құралдарымен қамтамасыз ету;

— қорғаушы немесе өкіл ретінде өз міндеттерін орындау кезінде дәлелдемелер жинау бойынша жұмыс процесін жеделдету;

— онлайн режимінде мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсетуді және есепке алуды автоматтандыру;

— соттар мен құқық қорғау органдарына адвокаттар мен заң консультанттарының мәртебесі мен өкілеттіктерін онлайн режимде тексеруге мүмкіндік беру;

— заң консультанттары палатасына мүшелік тізілімін жүргізу;

— заң консультанттарының электрондық тізілімінен үзінді көшірме алу мүмкіндігі;

— міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен үзінді-көшірме алу мүмкіндігі);

— адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға мәліметтерге сұрау салу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау;

— аумақтық адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының веб-порталдарын жүргізу;

— заңнамаға байланысты кез келген проблеманың оңтайлы шешімін тез табуға мүмкіндік беретін құқықтық ақпарат кешені, сондай-ақ ақпараттың үлкен көлемін талдау мүмкіндігі бар анықтамалық-құқықтық жүйе.

Жоғарыда атап өтілген артықшылықтардан Сіздің назарыңызды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мен есепке алуды автоматтандыруға аударғым келеді.

Бұл автоматтандыру мыналарды қамтамасыз етеді:

— адвокаттық қызметті цифрландыру шеңберінде қағазсыз құжат айналымына көшу;

— адвокаттарды сотқа дейінгі тергеу органдары мен соттармен тағайындаудың ашықтығы;

— тапсырмаларды бөлуді біркелкі етеді және адвокаттардың тағайындау бойынша қорғаушы ретінде заңгерлік көмек көрсетуге қол жетімділігінде тең құқықты қамтамасыз етеді;

— жеке және заңды тұлғаларға құқықтық ақпараттандыру түрінде құқықтық көмек көрсетудің қолжетімділігі.

Қызметті https://eup.adilet.gov.kz/ сайтыеда пайдалануға болады, сондай-ақ, сіз «Zan komegi» мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы жүктей аласыз.

Л. САМАТ.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АДВОКАТ БОЛУ АРДЫҢ ІСІ

Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты — осы. Сол себепті бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те…
Толығырақ

Алаяқтар 1414 нөмірімен хабарласса..

Көпшілігіміз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тиесілі SMS-ке  сенеміз. Осы аңқаулығымызды алаяқтар  пайдаланып кетпей ме? qarzhylyq_sauat-тың сұрақтарына жауап…