Заңсыз қару сақтаған күдікті анықталған

Полицейлер заңсыз қару сақтаған күдіктіні анықтаған. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркістан облысы аумағында атыс қаруын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге және заңсыз сақталған тіркелмеген қаруларды анықтау мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, осындай шара барысында полицейлер Сайрам ауданы арқылы өтетін Шымкент–Алматы тас жолында «BMW» маркалы автокөлігін тексерді. Оның ішінен екі сигналдық тапанша, бір тегіс ұңғылы қару, сондай-ақ 10-нан астам оқ-дәрі мен гильзаларды тәркіледі.

Аталған дерек «Қаруды, оқ-дәрілерді сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» фактісі бойынша тіркеліп, айғақты заттарға қажетті сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Полицейлер мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, азаматтарды тіркелмеген қаруларды өз еркімен полицияға тапсыруға шақырады.

О. Ораз.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әдеп кодексінің сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізді

Түркістан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және…
Толығырақ

Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35…
Толығырақ

Әдеп кодексі талаптары түсіндірілді

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Л. Мырзараимова Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясы мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру…