Қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау мәселесі талқыланды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына ұлтаралық қатынастарда түсіністік пен татулықты нығайту, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға аудандық прокуратура өкілдері, мешіт имамы, жастар ресурстық орталығының мамандары, ауыл билері мен “Қоғамдық келісім” орталығының басшылары қатысты.

Басқосу барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, өзара сыйластық пен халықтар арасындағы бірлікті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар этносаралық достық пен бейбітшілікті сақтау – ел дамуының басты кепілі екенін атап өтті.

Шара соңында ұйымдастырушылар тұрғындарды өзара түсіністік пен ауызбіршілікті сақтауға шақырып, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жүз полицей тест тапсырды

«Түркістан облысының 100 полицейі «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің…

Заң мен тәртіп ортақ ұғым

Төлеби ауданында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.…