«Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта қалалық патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Алмасбайұлы Бадамбаев А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінің 7 – 9 сынып оқушыларымен арнайы кездесу өткізді. Шараға жалпы 100-ге жуық оқушы қатысты» деп хабарлайды
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Кездесу соңында полицейлер жасөспірімдерді заң талаптарын құрметтеуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және кез келген күмәнді жағдай туындаған кезде бірден ата-анасына, ұстазына немесе полиция қызметкерлеріне хабарлауға шақырды.
Сонымен қатар интернеттегі қауіпсіздік ережелері, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, жол қозғалысы талаптары және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында ақпараттық-танымдық әңгіме жүргізілді. Оқушылар күнделікті өмірде сақтық шараларын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына құқықбұзушылықтың негізгі түрлері, олардың қоғамға келтіретін зияны және жеке тұлғаның болашағына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Полицей жасөспірімдерге құқықтық нормаларды бұзудың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын нақты мысалдармен жеткізді.
П.Манан.