Түркістан қаласында полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы аясында мопед пен скутер жүргізушілерімен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, қорғаныш дулығасын кию және көлік құралын басқаруға қажетті құжаттарды заң талаптарына сай рәсімдеу керектігін түсіндірді.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мопед басқаруына жол бермеу, жылдамдықты шамадан тыс арттырмау мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Полицейлердің айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Түркістан қалалық Полиция басқармасы тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі