Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, кәмелет жасқа толмаған сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеу органымен С. жас балаға қатысты зорлау — ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігімен айыпталған.
Сотпен анықталғаны:
Сотталушы С. 7 шілде 2025 жылы сағат 17.30 шамасында жәбірленуші жас бала А.-ны көшеде көріп, әңгімеге тарту арқылы алдап, көпірдің астына алып барып, жәбірленушінің қарсылық көрсеткеніне қарамай, күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған.
Тараптардың ұстанымы:
Прокурор – сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыға қатаң жаза тағайындап, одан 20 млн теңге моральдық зиянды өндіруді сұрады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, куәлердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен және істің басқада құжаттарымен толық дәлелденді.
Сот, сотталушыға жаза тағайындау кезінде оның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларға, оның кәмелет жасына толмағанын, бұрын сотты болмағанын, кінәсін ішінара мойындағанын таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
23.12.2025 жылы сот үкімімен:
Кәмелет жасқа толмаған сотталушы С.-ға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Жазасын «кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерінде» өтеу белгіленді.
Моральдық зиян 8 млн теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі