Жас буынға құқықтық тәрбие беру ісі жалғасуда

Созақ аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беретін мектепте «Заң және тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің бастығыНұрлан Мұратов, ІІО ардагері, Саттар Түбекбаев, білім бөлімінің мамандары мен мектеп директоры С.Мәлікайдаров қатысты.

Басқосуда оқушыларға «Жас сақшы» полиция сыныбы таныстырылып, буллинг, нашақорлық және ойынқұмарлықтың зияны жөніндегі бейнематериалдар көрсетілді. Полиция полковнигі Н.Мұратов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу -қылмыспен күрестің маңызды бағыты екенін атап өтті.

Сондай-ақ жастар арасында заңды білмеудің көптеген құқық бұзушылықтарға себеп болатынын айтып, мұндай түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде өткізудің маңызын жеткізді.

Жиын соңында мектеп басшылығы кездесудің тәрбиелік мәнін атап өтіп, полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Білімді жастар – ел ертеңі»

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Білімді жастар – ел ертеңі» атты құқықтық тәрбиелік көшбасшылар форумы өткізілді. Форумға Түркістан…

Сайрамда кеңейтілген жиын өтті

Облыс прокуратурасының бастамасымен Сайрам ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жайы бойынша…