СОТ: Мұғалім мен білім беру ұйымын татуластырды

Түркістан қаласында білім беру ұйымының бірінде, мұғалім «әдепке қайшы іс-әрекет жасағаны үшін» жұмыстан босатылған.

Жұмыстан босатылудың себебі, Алматы қаласының халықаралық әуежайында болған оқиға негіз болған.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметі жүргізген тексеріс кезінде мұғалім сәтсіз сөйлегені қоғамға қауіп ретінде қабылданған.

Осыған байланысты мұғалімге қатысты Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алайда кейіннен желілік полиция бөлімі  қылмыстың құрамның болмауына байланысты істі тоқтатқан.

Сотте талапкер Е. өзінің жұмыстан босатылуын заңсыз деп тануды, себебі:

  • тәртіптік комиссия жұмыстан босату мәселесін қарау барысында бейтараптық танытпағанын;
  • түсініктемелерінің ескерілмегенін;
  • еңбек шартын бұзу туралы шешім қылмыстық іс ресми түрде тоқтатылғанға дейін қабылданғаны, Еңбек кодексінің нормаларына қайшы екенін атап көрсетті.

Осыған орай талапкер соттан:

  • еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тануды;
  • жұмыстан босатудың негізін «тараптардың келісімі бойынша» деп өзгертіп, еңбек кітапшасына тиісті түзету енгізуді;
  • моральдық зиянның орнын толтыруды сұраған.

Сот талқылауы барысында, татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде бірінші сатыдағы сот тараптардың өзара келісімге келуіне қол жеткізді.

Нәтижесінде тараптар арасында татуласу келісімі жасалып, ол сотпен бекітілді.

Келісімнің шарттарына сәйкес, білім беру ұйымы еңбек шартын бұзу туралы бұйрыққа, «enbek.kz» онлайн платформасындағы және мұғалімнің еңбек кітапшасындағы жазбаларға тиісті өзгерістер енгізуге міндеттелді.

Тараптардың міндеттемелері орындалғаннан кейін бір-біріне қатысты шағымдары болмайтыны жөнінде түсіндірілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірі жариялаған «Профилактика жылы: полиция Заң мен тәртіпті күзетуде» қағидатын іске асыру, қызмет көрсетілетін…

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау назарға алынды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі…